- Басты
- Жаңалықтар
- Ф.Қуанғанов: ҚР Президентінің манифесінде жаһандық проблемаларды шешу әрекеттерінің тиімді алгоритмі ұсынылған
Ф.Қуанғанов: ҚР Президентінің манифесінде жаһандық проблемаларды шешу әрекеттерінің тиімді алгоритмі ұсынылған
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін терең түсіне отыра, тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық өмірдің барлық салаларын қамтитын және әлем және адамзат тағдыры үшін терең алаңдаушылықты көрсететін бірқатар стратегиялық маңызды жаһандық бастамалармен сөз сөйледі. Халықаралық қатынастардағы шиеленіс жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық және кез келген басқа түрінің таралуына алаңдаушылық туғызады. Манифесте мемлекеттік тартыстардың кез келген нысандарын жоюға бағытталған жаһандық қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы көрсетілген. Осы бастама аясында әлемге жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі проблемаларын шешудің қарапайым, алайда, біздің ойымызша, тиімді алгоритмі ұсынылған», - деді Ф. Қуанғанов.
Ол Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықтың және құрылған этносаралық және конфессияаралық келісім жүйесінің арқасында сәтті, тұрақты және беделді мемлекетке айналды деп қосты.
Қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясының хатшысы сессияға қатысушы елдердің жастар ұйымдарын жер бетінде бейбітшілікті нығайту үшін жастардың не жасай алатыны туралы ойлануға шақырды.
«Әлем. ХХІ ғасыр» арнайы жастар сессиясы 2016-2017 жылдары Қазақстанның ШЫҰ Жастар кеңесінде төрағалық етуі аясында жүргізіліп отыр. Арнайы жастар сессиясының мақсаты – Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифесі идеясының айналасында халықаралық жастар қоғамының бірігуіне жәрдемдесу.
Сессияға 9 елден: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Германия, Түркия, Монғолия, Беларусь, Әзірбайжан және Тәжікстаннан жастар көшбасшылары қатысады. Арнайы сессия 27 қазанға дейін созылады. Кейін «Жас Отан» ЖЖҚ және Беларусь пен Түркияның жастар ұйымдары арасында екіжақты келісімдерге қол қойылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы