- Басты
- Жаңалықтар
- А.Беляков: Беларусь жастары ҚР Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифестін қолдайды
А.Беляков: Беларусь жастары ҚР Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифестін қолдайды
«Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар кеңесі халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытудағы бірегей алаң болып саналады. Бұл орайда бейбіт халықаралық байланыс үшін қолайлы жағдай жасаған өте маңызды. Жастардың осы сынды жақындастығы мемлекеттік қарым-қатынастағы негізде достықты құруға мүмкіндік береді. Бұл қарым-қатынастың маңызды құндылығы бейбітшілік болып табылады. Беларусь екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір үшінші тұрғынынан айырылды», - деді А.Беляков.
Ол айтып өткендей, беларусьтар соғыстың салдарын ұмытқан жоқ, алайда бірігіп барлығын өткеруге болатынын біледі.
«Беларусь елінің басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитінде Беларусь ШЫҰ-ның халықаралық қауіпсіздік саласындағы барлық бастамасын қолдайтынын атап өткен болатын. Бұл орайда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті өте өзекті. Беларусь жастары және жалпы халқымыз бейбітшілікті ту еткен бастамаларды қолдайды. Сондықтан, XXI ғасырдың жастары өздерінің күш-жігерін әлемді жақсарту үшін жұмсауы керек», - деді А.Беляков.
Айта кетейік, Астанада «Әлем. XXI ғасыр» арнайы жастар сессиясы ашылды, ол Қазақстанның 2016-2017 жылдары ШЫҰ-ның жастар кеңесіндегі төрағалық етуі аясында жүзеге асырылды. Шараны ұйымдастырушы: «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды