- Басты
- Жаңалықтар
- Бейжіңде жыл сайынғы «Абай оқулары» өтті (ФОТО)
Бейжіңде жыл сайынғы «Абай оқулары» өтті (ФОТО)
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Абай оқулары» бейжіңдік «Чаоян» паркінде орналасқан Абай ескерткішіне гүлшоқтар қою рәсімінен басталды.
Іс-шараға Қытайдағы дипломатиялық корпус, қазақ қандастарымыздың өкілдері, қытайлық суретшілер және ақындар қатысты.
Қазақстандық және қытайлық студенттер Абайдың шығармаларын қазақ, орыс және қытай тілдерінде көркемдеп оқып, әнге қосты.
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ш.Нұрышев қазақ халқының рухани, өнерпаздық әлеуеті, даналығы, бостандық сүюі және отаншылдығы толық ашылған Абай шығармаларының қазақ әдебиетінің қалыптасуындағы рөлін атап өтті.Абайдың қазақ әдебиетіндегі реализмнің, әдеби қазақ тілінің қалыптасуына зор үлес қосқаны атап өтілді.
Шетелдік дипломаттардың айтуынша, «Абай оқулары» мен фотокөрме Қазақстанның өткенін және қазіргі кезін тереңірек түсінуге, ғұлама ақын мен философтың аруағына тағзым етуге, сондай-ақ жас буынның ана тілі мен әдебиетке сүйіспеншілігін баулуға мүмкіндік берді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі