СҚО әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты

6 Желтоқсан, 2013 10:37
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров өңірдегі мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуымен облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуы мен өзге де өзекті мәселелер туралы айтты.

«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында орталықтандырылған сумен жабдықтау 85% дейін жеткізілді. Бұл қалада тұратын халықтың – 100%, ауылда тұратындардың – 73% қамтиды», - деді С.Ескендіров.

«Ақ Бұлақ» бағдарламасын 2013-жылыжалпы сомасы 7,6 млрд. теңге болатын қаржыландырумен жүзеге асыру халық саны 4,2 мың адам болатын 6 ауылға ауыз су беріп, халқы 20 мың болатын 7 ауылды сумен жабдықтауды жақсартуға, сондай-ақ жалпы ұзындығы 130 шақырымнан асатын су құбырларын реконструкциялауға мүмкіндік берді. 2014-жылы бұл жұмыс 42 ауылда жалғастырылуда, ал бұл 37 мың адам», - деді облыс әкімі.

«Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы жолдарға алғаш рет 5,4 млрд. теңге қаржы бөлінді, бұл былтырғыдан 2 есеге көп. Оның ішінде, облыстық бюджеттен – 2,6 млрд. теңге қарастырылды. Жалпы алғанда, республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды жаңарту және жөндеу жұмыстары барысында 2013 жылы 12,4 млрд. теңге қаржы игерілді»,- деді әкім өз сөзінде.

С.Ескендіровтің айтуынша, жолдарды жақсарту - облысты дамытудың басымдықты бағыттарының бірі. Республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстары барысында ағымдағы жылы 12,4 млрд. теңге қаржы игеріліп отыр.

«Оның ішінде, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бойынша 780 млн. теңге қаржы бөлініп, ол қаржыға аудандық маңыздағы жолдарға орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деп түйіндеді өз сөзін аймақ әкімі.

Барлық жаңалықтар