Римде Қазақстан экономикасының күні өтті (ФОТО)

24 Қазан, 2016 08:53
Римде Қазақстанның Италиядағы елшілігі «Festival della Diplomazia» (Дипломатия фестивалі) ұйымымен ынтымақтасып Дипломатия фестивалі аясында Қазақастан экономикасының күнін өткізді, ол Римде 2016 жылдың 20-28 қазан күндері өтіп жатыр.

Елшілік өкілдерімен қатар шарада «ENI» итальяндық мұнай-газ компаниясының вице-президенті Дарио Сперанца, «SIMEST» жобалық қаржыландыру мемлекеттік компаниясының институционалдық  қарым-қатынас бөлімінің жетекшісі Энрика Рубатто мен  итальяндық Лацио өңірінің сауда-өндірістік палаталарының өкілдері мен Фрозиноне провинциясының өкілдері қатысты, деп хабарлады СІМ.

Аудитория Қазақстанның  25 жыл ішінде жеткен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен танысты. Елдегі инвестициялық ахуал мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытуды жүзеге асыру және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы  танысты.

Итальяндық іскер ортаның өкілдері Қазақстанда бизнесті енгізу бойынша өз компанияларының тәжірибесімен таныстырды, Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысудағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастық туралы айтып өтті.

Қазақстанның экономика күнін Италияның  80-ге жуық үкіметтік, іскерлік, мәдени-оқыту және ғылыми ортасы мен БАҚ тамашалады. 

Барлық жаңалықтар