- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілуде
Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілуде
Соңғы жылдары жосықсыз туроператорлардың кінәсі бойынша қазақстандық туристердің шет елдерде ақысы төленген орынсыз және/немесе кері қайтатын билетсіз қалған жағдайлар жиі орын алған болатын.
«Енді осыған ұқсас жағдайлар туындаған кезде «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры қазақстандық туристерді уақытша орналасқан елінен республикаға қайтару бойынша шаралар қабылдайтын болады. Жүйе туроператор үшін - 5 мың АЕК (10 млн 605 мың теңге), ал кеме жалдаушы туропертор үшін 15 мың АЕК (31 млн 815 мың теңге) көлемінде міндетті банк кепілдігінің болуын міндеттейді», – деп хабарлады ҚР ИДМ.
Қазақстан Республикасының турист азаматтарын қайтаруды жүзеге асыру үшін туроператор немесе кеме жалдаушы туроператор қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына іске асырған әрбір туристік өнімнен 0,5 АЕК (1 061 теңге) мөлшерінде аударымдардан құралатын арнайы шот ашылады.
Еске сала кетейік, бұрын жобаларды Туризм жөніндегі кеңес, Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, аккредиттелген бірлестіктер қарап, мақұлдаған болатын.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарына туристік компаниядан турөнім сатып алу кезінде турөнімді қалыптастырған туроператор мен «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры арасында жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты анықтау қажеттігіне назар аударуды ұсынады.
Көрсетілген жаңалықтар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады