• Басты
  • Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданғандар үшін жауапкершілік бекітілді – ЭБЖМ
6 Желтоқсан, 2013 10:33

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданғандар үшін жауапкершілік бекітілді – ЭБЖМ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданушылар үшін жауапкершілікті қарастырылады.

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданғандар үшін жауапкершілік бекітілді – ЭБЖМ | Strategy2050.kz

«Заң Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын және Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді», - делінген хабарламада.

 Заңда заңнамаға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді: шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдері енгізіледі.  Жергілікті бюджеттен белгіленген ең төменгі көлемдерден аз қаражат бөлінген жағдайда, әкімдердің  жауапкершілігі белгіленеді.

Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша лимиттер және жаңа бастамаларға арналған лимиттер енгізіледі, олардың шегінде бюджеттік өтінімдер қалыптастырылатын болады.Бюджет қаражатын толық игеру кезінде бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдармалар әкімшісінің бірінші басшысының тәртіптік жауапкершілігі белгіленеді.

Мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне объектіге шығу құқығымен бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі.Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау бойынша тәсілдер өзгертіледі.

Заңды қабылдау бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті, бюджеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді және 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңның іске асырылуын қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта Заңды іске асыруға заңға тәуелді нормативтік құқықтык актілерді әзірлеу бойынша жұмыс басталды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды