- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Ермекбаев Ақтөбе облысының ҮЕҰ діни экстремизмнің алдын алуға белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)
Н. Ермекбаев Ақтөбе облысының ҮЕҰ діни экстремизмнің алдын алуға белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)
Н. Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында «үшінші сектор» институттарының қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешудегі рөлін атап өтті, оларды діни экстремизмнің алдын алу жұмысына белсенді қатысуға, жобаларын нақты әлеуметтік топтардың өзекті мәселелерін шешуге бағыттауға шақырды, деп хабарлады ведомство.
«Министр жергілікті атқарушы органдарға өз бюджеттерін қалыптастыру кезінде ҮЕҰ-мен және әкімдердің халыққа есеп беру барысында айтылған халықтың әлеуметтік сұратуларына назар аудару керектігін айтты», - делінген хабарламада.
Қаланың ЖОО студент жастарымен кездесу барысында ведомство басшысы жастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жасалуына және мемлекеттік жүйелі қолдау көрсетілуіне баса назар аударды, әр түрлі ағымдардың ықпалына ұшырамау үшін діни білім алуға мешіт имамдарына баруды ұсынды.
Осы күні министр Алға ауданында болып, «Ақтөбе» медресесінің, «Аңсар» ақпараттық-ресурстық орталығының қызметімен танысты, облыс мешіттерінің имамдарымен және теологтарымен кездесті. Зайырлы мемлекеттің конституциялық қағидаттарын сақтау және нығайту қажеттігін атап өтті.
Сапар қорытындылары бойынша оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру шеңберінде кешенді шаралар қабылдау бойынша жергілікті деңгейдегі жүйелі жұмысты жалғастыру, өңір мешіттеріне білікті теологтарды тарту мәселесін шешу ұсынылды.
Министрліктің Дін істері комитеті жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде 2016 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысы бойынша 1750 іс-шара жүргізілген, 54 000 адам, соның ішінде 1300-ден астам сотталғандар қамтылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады