• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның бастамалары: Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сарапшылардың назарында

Қазақстанның бастамалары: Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сарапшылардың назарында

21 Қазан, 2016 20:46
Астанада «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» атты халықаралық саясаттанушылар конгресі өтті. Конгрестің жұмысына Ресейдің, Қытайдың ғалымдары мен сарапшылары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҮЕҰ, жетекші отандық саясаттанушылар, ғылыми-талдау орталықтарының мамандары, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларын талқылады. Сарапшылар елдердің көшбасшыларын тұрақтылық пен қауіпсіздікке шақыратын құжат – Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне ерекше көңіл бөлді. Strategy2050.kz АА белгілі сарапшылардың пікірлерін жариялайды.

ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев:  

- Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бұл Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифестің  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. Бұл әлемдік қоғамның Н. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойындауын білдіреді. Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифесте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен – соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты және саясаттану ғылымдарының докторы Ахан Бижанов:

- Соғыс «жеңімпаздардың салтанаты болудан алыстағандықтан» Елбасы әлемдік қауымдастыққа ғылыми нақтыланған түрде адамзатқа аталмыш қауіптен құтылу  жолдарын ұсынды. Құжаттың басты тезисі: соғыс жеңімпаздардың салтанаты емес. Бүгін соғыс – дау мен келіспеушілікті шешудің жолы емес. Бұл тығырыққа әкелетін жағдай, онда жеңімпаз да, жеңілгендер де жоқ. Манифестің басты өзегі барлық елдерге жауапкершілікті сезіне отырып даулы мәселені бейбіт және келісушілік арқылы жүзеге асыру болып табылады. Президент барлық мемлекет өкілдерінің қатысуымен диалог құруға шақырады. Диалог саясатының негізінде үздік гуманистік идеяларды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың тағдыры  жатыр.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова:

- Әлемдегі жағдай өте күрделі: бір дау бәсеңдей түссе, екіншісі өршіп жатады. Бұл даулар мен лаңкестіктің, көші-қон дағдарысының ішінде  «Әлем. XXI ғасыр» манифесі үміт отын жаққандай.

Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн:

- «Қазақстан аумағы жағынан – үлкен ел, ал халық саны жағынан – кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады. «Әлем. XXI ғасыр» манифесі  - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті үрдістерді айтып өтті. «Әлем. XXI ғасыр» манифесі барша адамзаттың тағдырына қатысты құжат. ҚР-ның  2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының  Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы  елдің мәртебесін  көрсетеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеяның ресми құжаты мәртебесіне ие болды

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар