• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Әлеуметтік жаңғырту бойынша білім беруді жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-конференция өтуде

Астанада «Әлеуметтік жаңғырту бойынша білім беруді жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-конференция өтуде

6 Желтоқсан, 2013 10:21
Астанада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. «Әлеуметтік жаңғырту бойынша білім беруді жетілдіру» конференциясына 300 адам қатысуда.

Конференцияда білім беру жүйесінің дамуы мен 12 жылдық білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру және әлеуметтік жаңғырту бойынша қоғамдық білім беру  жағдайлары қарастырылады.

Шараға БҒМ өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру саласындағы сарапшылар мен факультет декандары, колледж және мектеп мұғалімдері  қатысуда. 

Конференция барысында «Ұлттық біліктілік аясы: еңбек және білім беру нарығының интеграциясы» тақырыбында семинар өтеді.

Айта кетейік, ұлттық біліктілік аясында 2007 жылдың 27 шілдесінде қабылданған «Білім беру» туралы Заңы бойынша  Еуропалық пішінді қамтитын 8 біліктілік деңгейі бар.

ҰБА біліктіліктің бірыңғай  деңгейін анықтап, бір деңгейде тұруын қамтамасыз етеді. 

Барлық жаңалықтар