• Басты
  • Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді (ФОТО)
21 Қазан, 2016 16:28

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді (ФОТО)

Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі, деді Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының күндерін» өткізуге арналған брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.
Астанада  Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді (ФОТО)

Баспасөз конференциясы барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың 100-ден аса ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары қатысатындығын жеткізді.

«Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі. Оның ішінде 90 тоннаға жуық түрлі ет өнімдері, 10 тонна шұжық, 24 тонна сүт өнімдері, 450 тонна картоп пен көкөніс және тағы басқалар», - деді ОКҚ брифингінде Айдарбек Сапаров.

Бұдан бөлек, Айдарбек Сапаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 13 есе артып, 837 миллиард теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 289,6 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов  облыстық ассамблеяның жұмысына тоқталды.   

«Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы күндері» аясында облыс тарапынан үлкен бағдарлама әзірленген.

22-23 қазан күні «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығының  жанындағы алаңда «Өңір берекесі» атты ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі.

22 қазан Тәуелсіздік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен – Елорда төріне» атты гала-концерті өтеді.

Өңір күндері «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» акциясы шеңберінде ұйымдастырылуда. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Осыған дейін Елордада 12 облыстың  күндері өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды