- Басты
- Жаңалықтар
- Хельсинкиде Н.Нығматулин Финляндиядағы ірі бизнес өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
Хельсинкиде Н.Нығматулин Финляндиядағы ірі бизнес өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
Жүздесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыға салынды.
Н. Нығматулин өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «қазақстандық даму жолының» ерекшеліктері турасында баяндады.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдар ішінде ІЖӨ доллармен есептегенде 20 есе, орташа жалақы – 17 есе артып, 2 млн жұмыс орны ашылды.
Н.Нығматулин финдік компанияларды 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту саласындағы мүмкіндіктерді баса атап өтті.
“Қазақстанда басым бағыттарда жұмыс істейтін инвесторлар үшін ұжымдық табыс салығынан, 10 жыл мерзімге жер салығынан, 8 жылға мүліктік салықтардан босату сынды артықшылықтар қарастырылған. Сонымен бірге, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін инвесторларға күрделі шығындардың 30 пайызы қайтарылады. Сондай-ақ, өткен жылы әлемнің 35 елі бойынша инвесторлар үшін визасыз режимнің тізімі кеңейтілді. Келер жылға дейін ол тізімнің көлемі 54 елге дейін жетуге тиіс. Олардың қатарында Финляндияның да бар екені өз-өзінен түсінікті”,-деп атап өтті Н. Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне финдік әріптестерінің қатысуын асыға күтеді. Себебі, Финляндия – Солтүстік Еуропа елдерінің қатарында Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Бұл мемлекет инвестиция көлемі бойынша солтүстікеуропалық елдер арасында екінші орынға ие.
Қазақстанда энергетика, телекоммуникация, көлік, кен орны, ауылшаруашылығы, сауда сынды басқа да салалар бойынша 70-ке таяу финляндиялық компаниялар жұмыс істейді.
Айта кетейік, Қазақстан Финляндияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және экономикалық әріптесі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды