- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-дағы инвестфорумда 255 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды (ФОТО)
ШҚО-дағы инвестфорумда 255 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды (ФОТО)
20-21 қазан күндері Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Оған әлемнің 14 мемлекетінен 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында шет елдік және қазақстандық қаржы институттарының өкілдері, Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехиямемлекеттерінің инвесторлары мен дипломаттары бар.
Инвесторларға облыстағы агроөнеркәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойынша 927 млрд теңгені құрайтын 84 жоба таныстырылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 22 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысына қатысу ұсынылды. Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында 278 га құрайтын 46 әлеуетті аумақ таныстырылды. Бұл жобалар жүзеге асырылса, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылмақ.
«Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті жақсарту, қазақстандық және шетелдік инвесторлармен іскерлік және әріптестік байланыстарды нығайту саясатын жалғастырып отыр. Осы ретте аталмыш форумның біздің облыс үшін маңызы зор. Біз жаңа идеяларға, инновация мен инвестицияға жол ашатын заманауи экономиканы құру моделін таңдап отырмыз. Барлық инвесторларға қол ұшын беріп, өзара ықпалдастық орнатуға шақырамыз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов форумның ашылу салтанатында.
Форумның пленарлық мәжілісінің соңында Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша 218 млрд теңгені құрайтын 9 келісім құжаты мен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, өнеркәсіп және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салалары бойынша өткізілген роуд-шоулардың аясында жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайтын 29 меморандумға қол қойылып отыр. Жалпы Форум қорытындысы бойынша 255 млрд теңгеге жуық 38 құжатқа қол қойылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi