• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ресейлік сарапшы қазақстандық фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперацияларына бірігуді ұсынады (ВИДЕО)

Ресейлік сарапшы қазақстандық фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперацияларына бірігуді ұсынады (ВИДЕО)

21 Қазан, 2016 18:46
Ресейлік сарапшы, Академик Л.К. Эрнст атындағы бүкілресейлік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Николай Стрекозов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында АӨК-де ауыл шаруашылығы кооперацияларын құрудың несімен пайдалы екенін айтып берді.

Статистикалық деректер бойынша, сүт индустриясының дамуы шетелдік капиталы бар сүт өңдеу жөніндегі ірі компанияларға негізделеді. Жеке қосалқы шаруашылықтардан өндірілген сүттің 30,6%-ы ғана өңдеуге жіберіледі, қалғаны жеке өндірушілерде қалады.  

Жалпы, сарапшы өндірілген сүттің 60%-ы зауыттарға өңдеуге жіберіледі, ал 40%-ы өндірілген жерінде қалады деп хабарлады.

Оның пікірі бойынша, егер кооперация анағұрлым қарқынды дамыса, жеке және ауыл өндірушілерінен сүт алуды, инфрақұрылым жасауды қамтыса, жағдай одан да жақсы болар еді. «Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселелердің бірі – оны өңірлік деңгейде шешу оңай емес», - деп атап өтті ол.

«Жеке қосалқы шаруашылықтардың 14%-дан астамы ірі қара малға ие, жеке қосалқы шаруашылықтардың көбі көкөніс, картоп, жеміс өсіреді, фермерлер өздерінің шаруашылықтарын мал өсіру шаруашылықтарына айналдыруға асықпайды  -  бұл осындай кооперация болған жағдайда олардың дамуы анағұрлым сәтті болатынының бір көрсеткіші», - деді сарапшы.

Осылайша, Н. Стрекозов жеке қосалқы шаруашылықтарға фермерлік шаруашылықтарға кооперацияны дамытуды ұсынады, сол кезде, оның ойынша, бұл бағыт жылдам әрі сәтті дамиды.

«Мен Қазақстандағы жағдай Ресейдегі жағдайға ұқсас деп ойлаймын,  жалпы ел бойынша өнімділік деңгейі бізге қарағанда біршама төмен, бірақ жақсы жетістіктердің, жоғары сауынды жақсы табындардың бар екені сөзсіз», - деді ол.

Н. Стрекозов  Қазақстанға елде жүргізіліп жатқан фермерлерді оқыту бағдарламасын бағалау жөніндегі сарапшы ретінде шақыру бойынша келгенін атап өтейік.

«Осы оқыту семинарларында мен Ресейдің сүтті мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесі туралы, бізде қандай проблемалар орын алатынын және олардың қалай шешіліп жатқанын айтып беруге тырыстым», - деп мәлімдеді ол.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Индира Қауметова

Видео Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар