Талдықорғанда талантты жастарды «Көшбасшы-2013» сыйлығымен марапаттады

6 Желтоқсан, 2013 09:51
Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсханов Талдықорғанда талантты жастарды «Көшбасшы-2013» сыйлығымен марапаттады, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Көшбасшы - 2013» облыстық жастар сыйлығын ерекше атап өткен жөн. Осы жолы да өнегелі дәстүрінен жаңылмаған аталмыш игілікті шара облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ұйымдастырылды.Осылайша жүрекжарды лебізін арнаған облыс басшысы Аңсар ТҰРСЫНХАНҰЛЫ, өз саласында ең білімді, ең белсенді де іскер деп танылған жастарды марапаттады», - делінген хабарламада.

 Атап айтар болсақ, жастар  «Жас батыр», «Ауыл шаруашылығының жас маманы», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», «Үздік жас әскери қызметкер», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік студент», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жасыл ел сарбазы», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас саясаткер», «Үздік жас журналист», «Жас Ұлан» , «Үздік ерікті» номинациялармен мараппаталды.  

Жеңімпаз деп танылған жалын жүрек жастарға диплом, көшбасшы мүсіншесі мен 150 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

 

 

 
 

Барлық жаңалықтар