- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Майлыбаев: «Әлем.XXI ғасыр» манифесі – Қазақстанның әлемнің барлық халқына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы (ФОТО)
Б.Майлыбаев: «Әлем.XXI ғасыр» манифесі – Қазақстанның әлемнің барлық халқына соғысқа қарсы жаһандық жолдауы (ФОТО)
«Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. Бұл әлемдік қоғамның Н. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойындауын білдіреді», - деді Б. Майлыбаев.
Сарапшы атап өткендей, Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – жалпыға ортақ диалог пен өзара түсіністіктің жол картасы.
«Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен – соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым салу», - деп қосты Б. Майлыбаев.
Сондай-ақ, саясаттанушы әлемдік елдердің әскери бюджеттері өсіп келе жатқанын және жүздеген миллиард доллармен есептелетінін, «дүниежүзілік даудың туындау ықтималдығы өсіп келе жатқанын» атап өтті.
Осыған байланысты, сарапшының айтуы бойынша, Ел Президенті дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді шешуге барынша күш салуға шақырады.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары