- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Финляндия Парламенті басшысымен кездесті
Н. Нығматулин Финляндия Парламенті басшысымен кездесті
Хельсинки қаласында қазақстандық мәжілісмендер Финляндия Парламентінің Спикері Мария Лохеламен келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-финдік парламентаралық комиссия жетекшілерімен кездесіп, «Отаниеми» технопаркіне барды.
Н. Нығматулиннің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы ауқымды реформаларын жүзеге асыру бағытында финляндық әріптестердің инновациялық дамуды заңнамалық қамтамасыз ету, білім саласын жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту, ғылыми және іскер ортамен ықпалдастық саласындағы тәжірибелері өте маңызды.
М. Лохеламен әңгіме барысында Мәжіліс Спикері екіжақты қарым-қатынасты тұрақты нығайту жолындағы өзара байланыс өте жоғары деңгейде қарқын алып келе жатқанын атап өтті.
М. Лохела өз кезегінде қос мемлекеттің әріптестігін жоғары бағалай келе, парламенттік комитеттер арқылы ықпалдастықты арттыра түсуге ынталылық білдірді.
Мәжіліс Төрағасы халықаралық парламенттік ұйымдар аясында күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешімін табу жолында да күш-жігерді үйлестіруге дайын екендігін білдірді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және келер жылы Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығы, сонымен бірге, дипломатиялық қатынас орнағанына 25 жыл толатын атаулы күндерді алға тартқан Мәжіліс Төрағасы әріптесін біздің елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады