- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда 270 отбасы пәтерге ие болды
Павлодарда 270 отбасы пәтерге ие болды
Жаңа үйлердің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ағымдағы жылы аймағымызда «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 7 көп қабатты үйдің тапсырылғанын атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Жыл соңына дейін облысымызда тағы да 4 жаңа үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
«Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында қаламызда екі бірдей тұрғын үйдің пәтерлерінің кілттері берілуі өте қуанышты шара.«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісі бойынша Усолка шағын ауданында салынған үйлердегі 270 пәтерге кезекте тұрған азаматтар қоныстанады. Үйлердің орналасқан жері өте қолайлы, жақын жерде «Назарбаев зияткерлік мектебі», №4 емхана бар», - деп атап өтті аймақ басшысы
«Нұрлы жол» және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде салынған тұрғын үйлер толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Жаңа үйлердегі шаршы метрдің жалға алу құны 840 теңгеден аспайды.
Жаңа үйлерде 108 бір бөлмелі, 108 екі бөлмелі және 54 үш бөлмелі пәтерлер бар. Жаңа үйлердің ауласында заманауи балалар алаңы бар. Айта кетерлігі, екі үйдің құрылысына жұмсалған құрылыс материалдарының 80 пайызы – кірпіш, арматура және бетон, елімізде өндірілген.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары