• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық әкімдік және Назарбаев Университеті Астананы бірлесіп дамытады

Астаналық әкімдік және Назарбаев Университеті Астананы бірлесіп дамытады

21 Қазан, 2016 11:23
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу кездесу барысында Астананы дамыту жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласының әкімдігі және Назарбаев Университеті астананы дамытудың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрады деп атап өтілді. 

Атап айтқанда, тараптар Назарбаев Университетінің оқытушыларын, ғалымдарын және мамандарын тарта отырып, медициналық кластерді бірлесіп дамыту, мамандарды даярлау, смарт-сити және басқа да маңызды бағыттар туралы келісті. 

Барлық жаңалықтар