ҚР делегациясы ЭЫҰ кеден қызметтері басшыларының кездесуіне қатысты

21 Қазан, 2016 10:09
Тегеран қаласында (Иран Республикасы) ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Госман Амрин басқарған қазақстандық делегация Экономикалық ынтымақтастық ұйымының кеден қызметтері басшылары кеңесінің 7-ші кездесуіне қатысты.

Осы кездесу онжылдық үзіліске байланысты маңызды сипатқа ие. Бұл Кеңестің жұмысын жаңарту ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің негізгі сәті болып табылады, ол осы өңірдегі сауда-экономикалық саланың дамуына серпін береді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Форумда өзара ақпарат алмасу, контрабанда және кедендік құқық бұзушылықтар бойынша дерекқор құру, Кеден істеріндегі әкімшілік өзара көмек туралы келісім жобасын мақұлдау мәселелері, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және ЭЫҰ кеден органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қатысты өзге де мәселелер қаралды.

Іс-шара қорытындылары бойынша кедендік сарапшылар кіші комитетінің 3-ші жиналысының есебіне қол қойылды.

Барлық жаңалықтар