- Басты
- ҰЭМ: Екі автожол жобасын жүзеге асыру үшін МҚО-дан 147,8 млрд теңге қарыз тартылды
ҰЭМ: Екі автожол жобасын жүзеге асыру үшін МҚО-дан 147,8 млрд теңге қарыз тартылды

Тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру мақсатында Астанадан «сәуелелік» ұстаным арқылы өзге макроөңірлерге коммуникацияның барлық түрі бағытталады. Ол үшін Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс, оған қоса Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағыттары бойынша негізгі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Министр айтып өткендей, 2015 жылдан 2020 жылға дейін 7 мың км автожол қайта жөнделеді.
«2015 жылғы қаражат толық игерілді. Ол 456 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік берді. Биыл 151,3 млрд теңге бөлінді, оның 96,9 млрд теңгесі толық геріліп, жол-құрылыс жұмыстарымен 1 мың км автожол қамтылды. Жыл соына дейін 920 км автожолда құрылыс аяқталмақ», - деді министр.
«Астананы өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық жол желісін құру үшін 2015 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 7 мың жол қайта жөнделіп, төселеді», - деді Қ.Бишімбаев.
Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылған, оның 59-ы шетелдік маман. Құрылыс материалдарының 85% Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, битумды - «Каспи Битум» ЖШС-і (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспи Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.
Республикалық маңызы бар «Атырау–Актау» автокөлік жолы Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады. Сонымен бірге, ОААЭЫ дәлізінің негізгі учаскесі ретінде үлкен транзиттік әлеуетке ие.
Индира Кауметова
-
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері
-
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар
-
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді
-
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алу үшін қалай тіркеледі
-
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
Сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер ірі көлемде айыппұл төлейді
-
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы
-
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
-
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
-
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары
-
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет

