- Басты
- Жаңалықтар
- Хирургияның қазіргі заманғы әдістері пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді - Баймаханов
Хирургияның қазіргі заманғы әдістері пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді - Баймаханов
ҚР ДСӘДМ А.Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық ғылыми орталығы (әрі қарай - ХҰҒО) ұйымдастырған шараға 500-ден астам отандық дәрігерлер мен алыс-жақын шетелдің 20 елінен келген 50 жетекші мамандар қатысады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанда, шара барысында ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың атынан сөз сөйлеп, А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы – хирургиялық және трансплантологиялық көмекті дамыту бойынша жетекші емханалардың бірі екенін атап айтты.
«2015 жылы 298 трансплантацияның 68-і А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да өткізілді, сонымен бірге, 5 мыңға жуық хирургиялық ота жасалып, 4 мыңнан астам пациентке хирургиялық көмек көрсетілді. Бүгінде орталық аймақтық ауруханаларда көрсетілетін білікті әрі сапалы медициналық көмекке, азаматтар арасындағы өлім-жітімді азайтуға негізделген инновациялар енгізу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді», - деп көрсетілген Тамара Дүйсенованың алғысөзінде.
Министрдің пікірінше, аталған конференция ҚР тұрғындарына көрсетілетін хирургиялық көмектің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізу үшін тиімді алаң болып, денсаулық сақтау саласы, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру бағытында елдер арасындағы байланысты нығайта түспек.
ҚР ДСӘДМ Бас хирургі, А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО басқарма басшысы, академик Болат Баймаханов конференция Қазақстандағы хирургияның даму деңгейін көрсетеді деп есептейді.
«Қазіргі таңда 155 бауыр трансплантациясы, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларда – 11, 720 бүйрек трансплантациясы өткізіліп, жүрек-қантамырлар жүйесін емдеудің заманауи хирургиялық тәсілдері, инвалидизацияға жол бермей, пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін пластикалық хирургия саласындағы заманауи әдістері енгізілді», - деп айтты Болат Баймаханов.
Жуырда конференция аясында А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да О. Альфиери (Италия), А.Богачева–Прокофьева (Ресей), Кengo Кanateka (Жапония), Болат Баймаханов (Қазақстан) сынды белгілі мамандардың қатысуымен кардиохирургия, интервенциялы кардиология, гепатопанкреато-билиарлық хирургия, бауыр трансплантациясы, өңеш және ішек-қарын жолдарының хирургиясы, нефрология, бүйрек трансплантациясы бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Әрі қарай отандық хирургтар шетелдік сарапшылар бөліскен тәжірибені өз емханалық ісінде қолдана алады.
Конференция соңында үздік мамандар Министрдің алғыс хаттарына ие болды.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері