• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан түрік өнімдерін шоғырландыратын өңірлік хабқа айналуы мүмкін – Ыдырысов (ФОТО)

Қазақстан түрік өнімдерін шоғырландыратын өңірлік хабқа айналуы мүмкін – Ыдырысов (ФОТО)

20 Қазан, 2016 18:56
Алматыда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Түркияның сыртқы істер министрі Мевлюта Чавушоглудың төрағалығымен екі ел арасындағы стратегиялық жоспарлау тобының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан-Түркия дамуының басым мәселелері мен әр түрлі саладағы ынтымақтастығын талқылады.

СІМ-де хабарлағандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ағымдағы жылдың сәуір және тамыз айларында жасаған сапары аясындағы келіссөздерді жүзеге ерекше назар асыруға аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасында жоғарғы кеңестің   стратегиялық ынтымақтастық отырысына дайындық талқыланды, шара екі ел көшбасшыларының қатысуымен келесі жылы өтеді.

Сыртқы істер  ведомство басшылары екі ел арасында сауда-экономикалық байланысты кеңейту бағытында жұмыс істеуге келісті.

«Жаһандық экономикадағы күрделі жағдайдағы біздің мақсатымыз – өзара инвестиция мен сауда көлемін арттыруға жол қарастыру», - деді Е.Ыдырысов.  

Барлық жаңалықтар