- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды
Сенат «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
2015 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясында қабылданған Париж келісімінің мақсаты климаттың өзгеру қаупіне жаһандық тұрғыда әсер етуді нығайту болып табылады.
Келісімде көзделген шаралар жаһандық орташа температураның өсуін индустрияландыруға дейінгі деңгейлерден 2ºС-тан анағұрлым төменірек деңгейде ұстауға; климат өзгерісінің қолайсыз әсерлеріне бейімделу қабілетін арттыруға; қаржы ағындарын шығарындылардың төмен деңгейімен және климаттың өзгеруіне төзімділікпен сипатталатын даму бағытындағы траекториямен сәйкес келтіруге бағытталған.
Париж келісімі шығарындыларды азайтуға және климаттың өзгерісіне орнықтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін ауқымды шаралар қабылдау арқылы орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы