- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015 жылы ғылыми зерттеулерге арналған 15 алаң ашылады
Қазақстанда 2015 жылы ғылыми зерттеулерге арналған 15 алаң ашылады
Бүгінгі таңда министрлік тарапынан 2011-2014 жылдарға арналған «Инновациялық нәтижеге бағдарланған университеттік ғылымды мақсатты дамыту» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Оның аясында 11 инновацияға негізделген университет мемлекет тарапынан қолдау көріп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аталмыш саланы жаңғыртуға, зияткерлік өнімдерді коммерциализациялауға бағытталған.
«Мемлекеттің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған ғылыми бөлімдер ашылуда. Мәселен, 2011 жылы – 5, 2012 жылы – 8 орталық іске қосылса, 2013 жылы олардың саны 10, 2014 жылы – 12 және 2015 жылы 15-ке жетеді деп күтілуде» делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда еліміздегі 37 ЖОО-да 541 ғылыми-зерттеу орталығы бар. Олардың ішінде – 79 институт, 164 орталық, 242 зертхана, 7 технопарк, 13 кеңсе және 36 инновациялық бөлімдер бар. Сонымен қатар, 3 ұлттық және 15 инженерлік зертаналар да жұмыс істеуде.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті