3rd IoT Forum Kazakhstan: Цифрландырудың тетіктері

23 Желтоқсан, 2019 11:11

Халықаралық 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 форум барысында компания IOT, Smart City, Big Data, бейнебақылау және т.б. жобалар бойынша өз шешімдерін ұсынды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Форум алаңында Заттар интернеті саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік қызметті цифрландыру, өндірісті технологиялық трансформациялау, ТКШ саласын автоматтандыру, қаржылық технологияларды дамыту және «ақылды қалалар» қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі Дарын Тұяқов цифрландыруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарлама бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

image-23-12-19-11-53-1.jpeg

"Қазақстан бүгінде 5G технологияны енгізу бойынша алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Цифрландыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді. Байланыс технологиялары бір орында тұрмайды.Әлем бойынша қарқынды дамуға дайын",-деді ол.

Панельдік сессияларға ҚР Үкіметінің мүшелері, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі корпорациялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада, Орталық Азия және ТМД мемлекеттерінен кәсіпкерлер қатысты.

"Бұл стратегиялық міндет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Индустрия 4.0 қалыптастыру аясында алға қойылды және жаһандық ІТ-технологиялар саласындағы ең перспективті өсім нүктелерінің бірі болып табылады. 5G стандарттары, «ақылды қалалар», үлкен мәліметтер, қаржылық технологиялар, блокчейн, электрондық үкімет, индустриалды және ауыл шаруашылық технологиялар, IoT экожүйесі – «Қазақтелеком» АҚ қызметінің халықаралық аренада брендтің жаңа инновациялық имиджін қалыптастыратын маңызды бағыттары. «Қазақтелеком» еліміздің ірі провайдері бола тұра, ІоТ технологияларын дамытуды жаңа деңгейге көтерудің барлық мүмкіндіктеріне ие. Егер 2017-2018 жылдары енгізілетін ІоТ жобалар мен экожүйелер әзірлеу туралы айтылса, бүгінде біз Қазақстанда Заттар интернетінің іс жүзіндегі жетістіктерін паш етіп отырмыз», - деді Қуанышбек Есекеев.

image-23-12-19-11-54-10.jpeg

Атап айтқанда, компания Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктерімен пилоттық режимде «ақылды қалаларды» іске қосу туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Телеком-оператор мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық экожүйенің жағдайын жақсарту үшін Big Data сараптамасын пайдалана отырып, ТКШ жүйесін автоматтандыру сияқты бағыттарды дамытуға дайын. Нақтырақ айтқанда, ірі нысандарға келіп-кетуді, жолдардағы жүктемені талдау, бұл ретте үлкен мәліметтер бұл процесстерді жетілдіруге көмектеседі. Айта кетейік, қалалық міндеттерді шешу үшін «Қазақтелеком» көлік, логистика және туризм саласында қолданылатын оператордың мобильдік мәліметтерін падалану бөлігінде Big Data-ны қолдана отырып, іске қосады.

Инновациялық технологиялар бойынша халықаралық мамандар Қазақстанның ІоТ саласындағы әлеуетіне жоғары баға беріп, нарық қатысушыларын едәуір күрделі технологиялық міндеттерді шешу үшін шоғырлануға шақырды.

image-23-12-19-11-54-2.jpeg

«Елдер, аймақтар, қалалар табысқа қол жеткізіп, жаһандық тартылыс орталығына аналу үшін цифрлық сәйкестендіруден түрлі утилиталарға дейін цифрлық қызметтер ұсынып, ІоТ-ден бұлттық сервистерге дейін жаңа технологияларды пайдалана отырып, жаңа бәсекелес ортаға аяқ басты», - деді Пол Пападимитриу өз сөзінде.

Форум барысында «Қазақтелеком» басшылығы мен өкілдері пікірталас алаңына қатысушыларға елді цифрландыру саласындағы басты жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, отандық алғашқы «ақылды қала» Ақкөлді құру тәжірибесі табысты болғаны атап өтілді. Ситуациялық орталық құрылды, әлеуметтік және әкімшілік нысандарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды, қоғамдық Wi-Fi нүктелері жасалды, қалалық автобустарда Интернет қосылды, қалада су есептегіштерінің көрсеткіштерін жинау және коммуналдық қызметтерді кешенді есепке алу үшін LoRa желісімен қамтамасыз етілді, барлық жерде бейнебақылау камералары орнатылды, мектептерде және әкімдікте ғимаратқа кіру жүйесі іске қосылған.

Бұдан басқа, түрақты экомониторинг жүргізіледі, жол қозғалысы мен өрт қауіпсіздігін бақылау автоматты түрде басқарылады. Цифрландырудың басты маңызды нәтижелерінің бірі электр қуатының жалпықалалық шығыны бірден үш есеге кеміді.

Форумға қатысушылар 2020 жылы жүзеге асыру жоспарланып отырған Smart Kurchatov жобасына ерекше қызығушылық танытты. Жаңа бастама аясында «Қазақтелеком» Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Бірыңғай бейнебақылау жүйесін, экомониторинг станциясын, коммуналдық қызметтерді есепке алудың үйге ортақ құрылғыларын, «ақылды жарықтандыру», қызметтік және қоғамдық Wi-Fi, жедел жәрдемнің автоматтандырылған диспетчерлік қызметін орнатуды және т.б. көздейді. Сонымен қатар, Батыс қазақстан облысында Ақсай «ақылды қаласын» құру бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы әзірлену үстінде. Сондай-ақ онда ТКШ, қауіпсіздік, жол қозғалысы, экомониторинг және көшені жарықтандыру жүйелерін «цифрландыру» қарастырылған.

image-23-12-19-11-53-4(1).jpeg

Нақты жерлерде (курорттық аймақтарда, тау кластерлерінде, ірі қалалардажәне т.б.) туристер санын дәл анықтау үшін Big Data мобильдік мәліметтерді пайдалану бойынша «Қазақтелеком» мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы ынтымақтастықты белсендіру туризм саласындағы маңызды бастама болып табылады. Статистикалық мәліметтер туристік секторға жағдайды объективті бағалауға және аймақтарды қолдау әрекеттерін тиімді үлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, форум цифрландыру, жасанды Интеллект пен Заттар интернетін (ІоТ) енгізу саласында көшбасшылар тәжірибесін зерттеуге арналған ірі отандық алаң болып табылады. Шара аясында Қазақстанда ІоТ салаларындағы соңғы жетістіктер талқыға салынады. «Цифрлық мемлекет: жаңа шынайылық», «Industrial IoT: цифрлық трансформация», «ТКШ саласындағы автоматтандыру», «IoT and FinTech Futures», «Қауіпсіздік: ақылды қала негізі» тақырыбында өткен панельдік сессиялары барысында Заттар интернетін қолдану мен дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Панельдік сессияларға ҚР Үкіметінің мүшелері, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі корпорациялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада, Орталық Азия және ТМД мемлекеттерінен кәсіпкерлер қатысты. Жалпы форумға 20 әлемнің елінен 1000 жуық адам жиналды, отандық және шетелдік әріптестер арасында бірқатар ірі меморандумдарға қол қойылды. 20- дан артық инвестициялық компания қазақстандық инновациялық жобаларға қызығушылық танытты.

image-23-12-19-11-53-5.jpeg

Форум соңында IoT Kazakhstan 2019 жүлдесін біздің елімізде Интернет технологиясын дамытуға ең үлкен үлес қосқан компанияларды марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, форум барысында мемлекеттік қызметтер, өнеркәсіп, телекоммуникациялар, ТКШ, тіршілікті қамтамасыз ету және қала қауіпсіздігі жүйелері саласындағы жаңа технологиялардың көрмесі өткізілді. Ал 24 желтоқсанда форумға қатысушылар Қазақстандағы алғашқы ақылды қала Ақкөлге сапар жасайды деп күтілуде.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар