- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосады – сарапшы
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосады – сарапшы
«Осы жылы Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасы бойынша өмір сүріп келе жатқанымызға тағы 3 жыл толып отыр. Бұл ел тарихының болашағы бар, жаңа беттері. Біз еліміздің өте күшті әрі ашық әлеуеті туралы айтып отырмыз», - деп мәлімдеді С. Рахымбекова.
Оның айтуы бойынша, еліміз ұсынып отырған сынақтан өткізілген «жасыл» технологиялар ауылдағы өмір сүру сапасына тікелей әсер етуі мүмкін.
«Біздің технологияларымыз жылу, жарық және су алуға жұмсалатын шығыстарды бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді. Біздің барлық әлеуметтік объектілеріміз энергия тиімді болуы және оған қоса бюджет шығыстарын да үнемдеуі мүмкін. Осы үш жыл ішінде жинақталған энергия үнемдеу, ресурс үнемдеу және «жасыл» технологияларды қолдану мәселелеріндегі актив еліміздің жақсы әлеуеті бар екенін және бұл әлеуеттің төменнен қолдау алатынын көрсетеді, бұл өте маңызды, себебі «жасыл» технологиялар бойынша жобаларға шағын бизнес тартылған», - деп түсіндірді ол.
Коалиция төрағасы атап өткендей, бұл күрделі экономикалық қиындықтар кезеңіндегі әлеуметтік объектілер өздерінің бюджеттік жүктемесін өсірмей, керісінше, МЖӘ және энергосервистік келісімшарттарды дамыту есебінен азайта алатын өте жақсы ұсыныс.
«Қазақстанның 25 жылдығын тойлау жылында еліміз экономиканы дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосу үшін зор ресурс табады, яғни барлық «жасыл» технологияларды дамыту есебінен біз тасталымдарды азайтамыз, энергия тиімділігін арттырамыз, жаңартылатын энергия үлесін ұлғайтамыз», - деді С. Рахымбекова.
«Қазақстан-2050» стратегиясында және басқа да бағдарламалық құжаттарда 2025 жылға дейін электроэнергетика саласында баламалы және жаңартылатын электр энергиясы үлесінің 50%-ына қол жеткізу міндеттері қойылғанын атап өту қажет. Энергия тиімділігі саласында 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2008 жылғы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға төмендету міндеті тұр.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру