- Басты
- Жаңалықтар
- Я.Пейшэн: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді
Я.Пейшэн: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді
«Қазақстан 25 жыл ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Оны ресми сандар растайды. Маған ең көп әсер қалдырғаны – бұл тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның көмек алушы елден донор елге айналуы. Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге 100 млн. доллардан астам көлемде әр түрлі нысанда көмек ұсынған. Қазақстан Ауғанстаннан студенттердің білім алуының өзіне ғана 50 млн. АҚШ долларын бөлген, сондай-ақ осы елге басқа да көмек ұсынған. Көрші Қырғызстан және Тәжікстан елдері де дағдарыс уақытында уақтылы көмек алған», - деді Яо Пейшэн Астанада өткен саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылы. Нәтижелер және болашақ» атты халықаралық форумы барысында.
Оның пікірі бойынша, Қазақстанның жетістігі табиғи ресурстарға емес, Мемлекет басшысының дұрыс әрі көреген саясатына байланысты.
«Қазақстанның Бірінші Президенті ел қауіпсіздігін қорғауды, ішкі тұрақтылықты және қоғамдық береке-бірлікті негізгі мақсат етіп қоятын тәжірибелі саясаткер», - деп атап өтті Яо Пейшэн.
Еске сала кетейік, Астанада саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздіктің 25 жылы. Нәтижелер және болашақ» атты халықаралық форумы өтуде. Форумның жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай және Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар, академиялық орта, мемлекеттік органдар, азаматтық сектор өкілдері қатысуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі