• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Жолдасбеков: Сотқа өмірлік тәжірибесі бар дайын адамдар келуі тиіс (ВИДЕО)

Н. Жолдасбеков: Сотқа өмірлік тәжірибесі бар дайын адамдар келуі тиіс (ВИДЕО)

20 Қазан, 2016 16:54
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде, № 17 қадамға сәйкес судья болуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары бір жылдық тағылымдама мен сынақ мерзімінен өту арқылы қатаңдатылады, деді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбаты барысында.

«Ұлт жоспары қадамдарының бірі № 17 қадам – судья болуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату болып табылады. Осы қадамға сәйкес, міндетті норма арқылы сот органдарында міндетті еңбек өтілінің болуы енгізілген, судья болуға үміткерлер стипендия төлеумен сотта бір жылдық тағылымдамадан өтеді, тағылымдама аяқталғаннан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі тиіс», - деп мәлімдеді ол.

Оның пікірі бойынша, осы қадам судьяға үміткерлерді іріктеуді жетілдіруге, судьяға қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдатуға бағытталған.

  «Сотқа практикалық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибесі де бар, жұмыс дағдыларын, соттың және сот органдарының жұмыс ерекшелігін білетін дайын адамдар келуі тиіс», - деп атап өтті ол.

Судья атап өткендей, келесі қадам барлық сот процестерінің аудио және бейне жазбаларын міндетті тәртіпте енгізу болып табылады.

«Осы қадамға сәйкес, республикамыздың барлық соттарында сот істерін қараудың аудио және бейне жазба жүйесін 100% пайалану қамтамасыз етілуде, осы ретте судья жазбаны тоқтату немесе материалдарды редакциялау мүмкіндігі болмайды. Сондай-ақ, осы қадам әділ сот жүйесін жетілдіруге де бағытталған және менің ойымша, бұл дұрыс шешім, себебі бұл судьяларды ғана емес, сонымен қатар, істің басқа да қатысушыларын тәртіпке салады. Одан басқа, ол судьялардың, іске қатысушылардың үстіне түсетін шағымдардың, сондай-ақ сот ісін қарау барысына түсетін ескертулер мен шағымдардың азаюына әкеледі», - деп қосты судья.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар