Қазақстан Италия өңірлерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

20 Қазан, 2016 17:58
Қазақстан Италияның солтүстік-шығыс өңірлерімен экономикалық ынтымақтастық перспективасын кеңейтіп жатыр, Қазақстанның Италиядағы елшісі Сергей Нұртаев Оңтүстік Тиролдағы Альто-Адидже провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Елші өңірлік басшылық және кәсіпкерлік ортаның өкілдерімен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Арно Компатшер провинциясының губернаторымен кездесу барысында  Қазақстанмен  өңіраралық  байланысты орнату  бағыттарының перспективасы талқыланды. Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері үшін итальяндық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес форум өткізу мәселесі талқыланды. Шара  2017 жылы Оңтүстік Тиролда өтеді. А. Компатшер  оңтүстіктирол делегатымен Қазақстанға баруға мүдделі.

Сондай-ақ, С.Нұртаев  Stahlbau Pichler құрылыс компаниясы мен  VOG аграрлық кооперативі  сынды   өңірдің ірі кәсіпорындарымен кездесу өткізді.

Италияның инновациялық дамыған өңірлерінің біріне жасаған  сапар аясында С.Нұртаев  Трентино-Альто-Адидже Парламентінің спикері Т. Вильдманмен кездесіп, екі елдің арасындағы байланысты талқылады.

 

Барлық жаңалықтар