• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылдан бастап қазақстандық жастарды бизнес негізіне үйрету жоспарлануда

2017 жылдан бастап қазақстандық жастарды бизнес негізіне үйрету жоспарлануда

19 Қазан, 2016 17:28
Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында келесі жылдан бастап жастарды бұқаралық түрде компьютерлік сауаттылық пен бизнес негізіне үйрету жоспарланып отыр, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президенті Жолдауы төңірегінде Жұмыспен қамту картасы бойынша жүргізіліп жатқан шараларға арналған дөңгелек үстел барысында.

«Келесі жылдан бастап жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында, біз Білім және ғылым министрлігі, ҰКП-мен бірігіп  жастарды бұқаралық  түрде компьютерлік сауаттылық пен бизнес негізіне үйретуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Ведомство хабарлағандай, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектерін жұмыс мамандықтарына үйрету жобасы басталады.

Айта кетейік, биыл әлеуметтік орында жұмысты аяқтағандардың  80 пайызы мен тәжірибені өткендердің 60 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар