• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д. Абаев: Ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті біріктіру – Мемлекет басшысының стратегиялық қадамы

Д. Абаев: Ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті біріктіру – Мемлекет басшысының стратегиялық қадамы

19 Қазан, 2016 15:58
Ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті дамыту жөніндегі функцияларды бір уәкілетті органда біріктіру туралы шешім – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық таңдауы. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты.

 «Уақыт бір орында тұрған жоқ, ол біздің алдымызға жаңа негізгі міндеттер мен сын-тегеуріндер қояды. Өршіл мақсат «Қазақстан 2050» стратегиясы және Ұлт жоспары сияқты мемлекеттік даму бағдарламаларында да айқындалған. Біздің министрлік Мемлекет басшысының Жарлығымен ағымдағы жылғы мамырда құрылған. Осы уақытқа дейін біз барлық ұйымдастырушылық, қаржылық және кадрлық мәселелерді шешіп, қалыптасу кезеңінен сәтті өттік»,  - деді Д. Абаев.

Министрдің айтуы бойынша, ақпараттық кеңістікті, телекоммуникацияларды және электрондық үкіметті дамыту жөніндегі функцияларды бір уәкілетті органда біріктіру туралы шешім – дұрыс әрі ойланған шешім.

«Бұл қадам біздің қоғамымыздың дамуының жаңа көрінісін көрсететін Мемлекет басшысының стратегиялық таңдауына айналды», - деп атап өтті Д. Абаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар