• Главная
  • Астанада құтқару техникасының көрмесі ашылды (ФОТО)
19 октября, 2016 14:51

Астанада құтқару техникасының көрмесі ашылды (ФОТО)

Астанада Құтқарушылар күніне орай Қазақстанның құтқару қызметі мүмкіндіктерінің көрмесі өтті, көрермендер үлкен өрт машиналарымен және оңтайлы қар кешкіштермен қатар жаңа суасты аквалангілерін де бағалап, құтқарушы иттермен танысты.
Астанада құтқару техникасының көрмесі ашылды (ФОТО)

Астанада Құтқарушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі өнер көрсетті, сондай-ақ ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ТЖ комитетінің ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыстады.

«Жүйе жалпы құрылғаннан бері материалдық-техникалық жарақтандырылуы, функционалдық міндеттері тұрғысынан өзгерістерге ұшырады. 300 мыңнан астам құтқарылып, эвакуацияланды, 35 мыңнан астам адамға дәрігерге дейінгі бірінші кәсіптік көмек және дәрігерлік көмек көрсетілді.  Бұл бүгінгі таңда біз мақтанышпен айта алатын көрсеткіштер. Біздің құтқарушыларымыз қажет кезде әрқашан көмекке келеді. Қазақстан аумағы орасан зор, мұнда цунамиден басқа төтенше жағдайлардың барлық түрлері орын алуы мүмкін, сондықтан біздің құтқарушыларымыздың кәсіптік даярлығы барлық салаларды қамтиды», — деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.  

Қазақстанның қазіргі құтқару қызметінің айбынды мүмкіндіктерін көрсету үшін, «Конгресс-холл» алдындағы алаңда ТЖК күшінің техникасы мен жабдығының көрмесі өтті. Арнайы үйретілген құтқарушы ит шынайы құтқарушының қаншалықты дос болуы тиіс екенін көрсетті.

«Техногендік немесе табиғи сипаттағы апаттар кезінде құтқарушы иттер адам өте алмайтын қиын қолжетімді жерлерден адамдарды іздейді. Иттің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан, осының арқасында ол үлкен аумақты құтқарушылар тобына қарағанда жылдамырақ өтеді», — деді ҚР ІІМ ТЖК кинология бөлімшесінің құтқарушы маманы Вячеслав Кислинский.

Еске сала кетейік, 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің мемлекеттік органдар жүйсінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған.

Бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті – бұл төтенше жағдайды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар табиғи және техногендік апаттардың алдын алуға күнделікті, минут сайынғы дайындықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымындағы қуатты күш. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК қызметінің басым міндеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әрбір азаматтың қорғалуына жағдайлар жасау болып табылады. 

Сурет Бауыржан Жуасбаев