- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның төрағалығымен Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысы өтті
Қазақстанның төрағалығымен Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысы өтті
Отырысқа қатысушылар күн тәртібінің 52 мәселесін қарады, соларға қатысты еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.
Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық қызметі, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) техникалық реттеуді жетілдіру, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Стандарттық үлгі типін және өлшеу жабдықтарының түрлерін бекіту Тәртіптері қабылданды, бұл бизнес пен саудаға қосымша жағдай жасауға, өнімдерді сынау нәтижелерін өзара құптауға мүмкіндік береді.
ЕАЭО аумағында адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенттер қабылданды.
ЕЭК Кеңесі аясында биомедицина, ғарыш және геоақпараттық технологиялар, фотоника салаларындағы басым технологиялық тұғырнамалар анықталды.
Еуразиялық технологиялық тұғырнамалар ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің 400-ден астам жетекші ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдарын біріктіруге мүмкіндік береді. Ұйымдар перспективалы салалардағы 130-дан астам ортақ инновациялық кооперациялық жобаларды қарастыруды ұсынды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті