Бакуде ҚР Тәуелсіздік күні салтанатты түрде аталып өтеді

5 Желтоқсан, 2013 17:56
Әзірбайжандағы Қазақстан елшілігі ҚР мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күніне байланысты Бакуде салтанатты қабылдау өткізеді, деп хабарлады BNews.kz агенттігі дипломатиялық өкілдікке сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстанның басты мерекесі жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биылғы жылы Қазақстан тәуелсіздіктің 22 жылдығын мерекелейді. Кеш қонақтары - ӘР ведомстволары мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, Бакуде аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ғылым мен өнердің еңбек сіңірген қайраткерлері», - делінген хабарламада.  

Салтанатты шара 11 желтоқсанда Fairmont Baku қонақ үйінде өтеді.

 

Барлық жаңалықтар