Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

19 Қазан, 2016 14:32
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлады pm.kz.

Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.

Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.

 

Барлық жаңалықтар