- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор
Н.Назарбаев: Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор
19 Қазан, 2016 12:28
Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.
«Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.
«Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі», – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.
Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне не себеп -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артты -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады