Астанада 9 ай ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 272,1 млрд теңгені құрады

19 Қазан, 2016 18:52
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 272,1 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейге қарағанда 2016 жылғы қаңтар- қыркүйектегі өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 102,4%, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда 0,5%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 219,3 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі тағам өнімдерін өндіру, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау, жиһаз жасау өндірісінде байқалады.  

Тағам  өнімдерін өндіруде 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда өзге де дәнді дақылдардан жасалған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер мен өнімдер өндіру 1,7 есеге, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары - 14,3%-ға, нан - 2%-ға өсті. Сонымен қатар, ірімшік және сүзбе өндіру 26,8%-ға, шұжық өнімдерін өндіру 17,9%-ға қысқарды.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау өндірісінің өсу қарқыны артты: алюминийден жасалған есік және терезе блоктарын, есік босағаларын шығару 1,7 есеге, бекітпе бұйымдар - 53,3%-ға өсті.

Машина жасаудағы нақты көлемнің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты (53,3%) орын алды.

 

Барлық жаңалықтар