- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында жастармен жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бюджеттен 130 млн теңге бөлінді
Ақмола облысында жастармен жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бюджеттен 130 млн теңге бөлінді

Өз сөзінде спикер Ақмола облысында 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы аясында жастар саясатының жүзеге асуы туралы айтып өтті.
Ол атап өткендей, өңірде жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс орындарына 47 жас маман, 497 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысқа бағытталды. 210 адам әлеуметтік жұмыс орнына орнықты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы болып 273 адам атанды», - деді Р.Галямов.
Спикер атап өткендей, 2011 жылдан бастап жастарды ынталандыру мақсатында облыс әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалды. 2015-2016 жылдары стипендиаттардың саны 226 адамды құрады, олар елдің 11 оқу орнында білім алуда.
«Жалпыұлттық мағынадағы негізгі саяси шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау болып есептеледі. Осыған орай, облыста жастардың қатысуымен ауқымды шаралар өткізілді, бұл: «Үш Би», республикалық дебаттық турнирі, облыстық жастар форумы, асық ату чемпионаты, атыс және өзге шаралар», - деді спикер.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жастар ұйымымен бірігіп 83 мың жасты қамтитын 900 шара ұйымдастырылған.
Анықтама: Ақмола облысында 160 мың жас қазақстандық шоғырланған, ол өңірдің 22 пайызын құрайды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет

