- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: НАТО-мен серіктестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саяси бағытының маңызды басымдығы
Д.Назарбаева: НАТО-мен серіктестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саяси бағытының маңызды басымдығы
18 Қазан, 2016 18:12
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі Арнаулы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесті.
Д.Назарбаева НАТО-мен әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы маңызды басымдық екенін атап өтті.
Әңгіме барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ұлттық әлеуетін нығайтуға, аймақтық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін Солтүстік Атлантика альянсының қазіргі кездегі бағдарламалары мен үздік тәжірибесін тартуға біздің еліміздің мүдделі екені атап өтілді.
НАТО Бас хатшысының Арнаулы өкілі Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсы арасындағы өзара іс-қимылды, еліміздің бітімгерлерінің дайындық деңгейін оң сипаттай отырып, Қазақстанның жаһандық дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады.
Кездесуге сенаторлар Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев қатысты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды