• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-дағы Канада елшісі Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті (БЕЙНЕ)

ҚР-дағы Канада елшісі Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті (БЕЙНЕ)

19 Қазан, 2016 09:16
ҚР-дағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Шон Перри Стайл Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті.

«Канада жас мемлекет болып есептеледі, келесі жылы бізге  150 жыл толады. Сондықтан Қазақстан өте жас ел, оған небәрі  25 жыл. Мен елдің дамуына аса көңіл бөлемін, қазақстандықтардың мақсаттылығы мен еңбекқорлығын атап өтуге болады. Бұл шексіз әлеуеттің белгісі. Мен кәсіпкерлер мен мемлекеттік секторға, студенттерге сәттілік тілеймін. Олар болшақта Канаданы тұрақты серіктес ретінде қарайтынына сенемін», - деді Ш.Стайл.

Дипломат сондай-ақ, Канаданың ЭКСпО-2017 көрмесіне қатысатындығын айтты.

«Бізде ұлттық павильон болмаса да өз деңгейімізде өнер көрсетеміз. Канадалық «Cameco Corporation» тау-кен өндіру компаниясы ядролық энергетика павильонына қатысады, Канададан келетін қонақ саны да көп болады деп ойлаймыз», - деді елші.

Айта кетейік, 2016 жылдың  21-22 қыркүйегінде ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Канадаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесу өтті.

Сонымен қатар, СІМ ақпараты бойынша, Канаданың іскерлік астанасы Торонтода Р.Жошыбаев мамандандырылған «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысып, «Қазақстан және Канада. ЭКСПО-2017 аясында Еуразиядағы  канадалық іскерлік қауымдастық пен «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесі  ұйымдастырған ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты бизнес мәслихатта сөз сөйледі.

«ЭКСПО-2017» комиссары бизнес-қоғамдастықпен көрмеге дайындық мәселелері мен олардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық тарап «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптық көрмеге қатысуға ниет білдірді.

Канадада шамамен 80 пайыз  электр баламалы  көздер есебінен өндіріледі. Сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы оларға жақын келеді.

Ботагөз Айтжанова

Бейне: Азамат  Әлиев

Барлық жаңалықтар