- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері Н. Назарбаевтың дана саясатын көрсетеді – сарапшы
Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері Н. Назарбаевтың дана саясатын көрсетеді – сарапшы
«Шын мәнінде Тәуелсіздікке қол жеткізу қазақ халқының көп ғасырлық арманының жүзеге асырылуы. 25 жыл бұрын 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңына қол қойылды. Бұл жас мемлекеттің азапты жолындағы бастауы болды. Қазақ халқының әл-ауқатының деңгейіне, халықаралық беделге қол жеткізу, елді дамуының нақты жоспарын әзірлеу бірнеше жылға созылған үлкен жұмысты қажет етті», - деді Ж. Жорбеков.
Профессор Президент стратегиялық бағыттарды айқындай отыра, 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын ұсынғанын атап өтті.
«Қазақстан-2030» бағдарламасы» - бұл үлкен тарихи және саяси мәні бар құжат. Онда республикамыздың қазіргі сәттегі жағдайының толық талдауы қамтылған, «Қазақстанның миссиясы» ашылған, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық; шетелдік инвестициялар деңгейі жоғары, дамыған нарық экономикасына негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және амандығы; энергетикалық ресурстар; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс сияқты «ұзақ мерзімді басым мақсаттар» айтылған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстанда іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар осы жеті стратегиялық векторларға негізделетіні белгілі», - деп қосты Ж. Жорбеков.
Оның пікірі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан еліміздің стратегиялық даму моделін құра алды деп сеніммен айтуға болады.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде қол жеткізілген осы әсерлі нәтижелер Қазақстанның Бірінші Президенті Н. Назарбаевтың таңдаған жолы мен дана саясатының дұрыстығы туралы айтуға мүмкіндік береді», - деді Ж. Жорбеков.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады