• Басты
  • Жаңалықтар
  • 600-ден астам арнайы мектептің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарлануда

600-ден астам арнайы мектептің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарлануда

18 Қазан, 2016 16:32
Мәжіліс депутаттары заңға мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы толықтырулар енгізуде. ДСӘДМ БҒМ-мен бірлесіп, 601 мамандандырылған оқу ұйымын ведомстволар арасында қосымша бөлмек, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының барысында.

«Алғашында негізгі идея мектеп медицинасы мен орта білім беру ұйымдарын беру болған, бұл жерде біз орта білім беру ұйымдарын бөліп көрсеткен едік, депутаттар енгізіп жатқан толықтыруларға келетін болсақ, басқа да медициналық мекемелерді қосу ұсынылады – тағы 601 ұйыммен толықтыру ұсынылады: бұл интернаттар, санаторий үлгісіндегі мектеп жанындағы арнайы түзету мектептері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, балалар үйі», - деп атап өтті ол.

Вице – министрдің айтуы бойынша, осы ұйымдарды қайда бекіту қажет екенін түсіну қажет, себебі олардың арасында 208-ге жуық ұйым тәулік бойы жұмыс істейді.

«Біздің емханалар күндіз ғана жұмыс істейді, егер мектептерде негізінен орта медицина қызметкерлері жұмыс істесе, мұнда арнайы мамандандырылған дәрігерлер жұмыс істейді, осы ретте біз олардың білім деңгейін, жарақтандырылуын түсінуіміз қажет, яғни қазір дайындық жұмыстары мүлде жүргізіліп жатқан жоқ», - деп мәлімдеді А. Цой.

Алғашқы кезде орта мектептер туралы, атап айтқанда медициналық пункттер туралы ғана сөз қозғалғанымен, ДСӘДМ осы мәселені пысықтауға дайын екенін атап өту қажет.

«Жалпы, барлық білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді қолайлы ету - бұл дұрыс ұсыныс, бірақ біз бүгін тек орта мектептерді ғана беру мәселесін тұжырымдамалық пысықтағымыз келіп отыр, себебі бұл негізінен профилактикалық бағыт, бұл жерде біз тікелей емханаларға берілуі тіс медициналық пункттер туралы айтып отырмыз, мектеп оқушыларын сауықтыру процесі, негізгі аурулардың алдын алу, СӨС, түсіндіру жұмыстары және көптеген басқа да аспектілер осы арқылы қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру көзделіп отыр, онда бір жыл ішінде мектеп оқушылары үшін сауықтыру іс-шараларын әзірлеу жоспарланып отыр.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар