Сенатта терроризм және экстремизммен күрес мәселесі талқыланды

18 Қазан, 2016 16:51
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен терроризм және экстремизммен күрес мәселесі талқыланды.

2013-2017 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  туралы ақпаратты  ҰҚК терроризмге қарсы орталық штабы бастығының бірінші орынбасары Сергей Шойкин жеткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне  терроризм және экстремизм жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу заң жобасының тұжырымдамасын қатысушыларға  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Көлкөбаев, Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев және Жанат Жарасов  түсіндірді.

Талқылауға сенатор Нұртай Әбіқаев, Бірғаным Әйтімова, Ләззат Киінов, Серік Жақсыбеков, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылар қатысты. 

Барлық жаңалықтар