Павлодарда «Қазақстанда жасалған» атты форум өтеді

5 Желтоқсан, 2013 17:45
12 желтоқсанында Павлодар қаласында «Қазақстанда жасалған» атты жергілікті өнімнің үлесін дамыту мәселелері жөніндегі өңіраралық форумы өтеді, деп ұйымдастырушылар хабарлады.

«Форумды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының ұлттық компаниялары, өзге де өңірлердегі кәсіпорындары сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерде облыстағы тауар шығарушылардың өнімдерінің үлесін арттыру», - делінген хабарламада.

Форум бағдарламасында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған: тауар шығарушылардың көрмесі, кездесулер, пленарлық отырыстар ұйымдастырылады және 2014 жылы тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізуге келісім-шарттар жасалады.

Форум жұмысына «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ құрамына кіретін компаниялар – «Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазатомпром» АҚ және тағы басқа да мекемелер қатысады.

 

Барлық жаңалықтар