- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тұлғаларды электрондық мониторингілеу жүйесін құру жұмыстары атқарылуда - Қазғарыш
Қазақстанда тұлғаларды электрондық мониторингілеу жүйесін құру жұмыстары атқарылуда - Қазғарыш
Қазіргі уақытта заманауи микроэлектроника және спутниктік технологиялардың жетістіктері, сондай-ақ қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер Қазақстанда жазалардың орындалу жүйесін неғұрлым адамгершілік тұрғыда жасауға және ауыр құқық бұзушылық жаза тағайындалмаған сотталушыларды қоғамнан оқшауламай, жазасын өтеуіне мүмкіндік береді, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Бұл үшін GPS/ГЛОНАСС спутниктік сигналдары арқылы бақылауға алынғандардың тұрған жерлерін анықтайтын қадағалау құрылғылары (электрондық браслеттер) қолданылады және содан соң олардың координаттары Бақылау орталығына жіберіледі
Электрондық браслеттер сотталушыларды қадағалап отыруға, тәулік бойы олардың тұрған жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, құрылғыны өздігінен алып тастауға немесе қайта бағдарламалауға болмайды, осындай әрекет орын алған жағдайда, диспечерге бірден сигнал түседі, егер сотталушы өзіне рұқсат етілмеген аумаққа кірсе, ол жайында да диспечерге тиісті сигнал түседі.
Сотталушы туыс-туғандарының арасындағы үй жағдайларында қамалмаған болса, оның жазасы бостандығы шектелген орындарды өтіп жатқан болса, бұл жағдайда осы тұлғаның браслеттен бас тартуына болатынын атап өткен жөн,
Электрондық браслеттерді пайдалану кезінде, оның жүріс-тұрыс бостандығын шектеп қана емес, сондай-ақ оңалту орталықтарына баруын, үйінен тыс жерлерде шектеулі уақыт өткізуін және берілген арақашықтықтан жақынырақ белгілі бір объектілерге жақындамауын міндеттеуге де болады. Осындай жағдайлардың сақталуын бақылау автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бостандықты шектеудің осындай түрлері шетел тәжірибесіне бұрыннан енгізілгендігін атап өтуге болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жасалатын қылмыстардың санын азайтуға көмектеседі. Бір жағынан, адам бостандықта болады, бірақ бір мезетте үнемі бақылауда болады, олардың әрбір қимылы қадағаланып отырады.
Бұдан басқа, бостандықты шектеу орындарында бақылауға алынғандарды күтіп-бағуға, оларды тамақтандыруда, киіндіруге және күзетуге жұмсалатын бюджеттік шығындарды азайту туралы мәселені де шешуге болады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде