ШҚО-да ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 262,9 млрд теңгені құрады

18 Қазан, 2016 18:29
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайды, деді баспасөз мәслихатында ҰЭМ СК статистика департаменті жетекшісінің қызметін атқарушы Берік Терлікбаев.

«Қаңтардан қыркүйекке дейін әлеуметтік-экономикалық  ілгерілеу байқалып отыр. Өндірістік сала мен ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Инвестиция тарту  саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді», - деді Б.Терлікбаев.

Оның айтуынша, өндірістік өнім көлемі  1061,5 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығы 262,9 млрд теңгені құрады.

«Өңірде инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі капиталға  құйылған қосымша қаражат  217,8 млрд теңгені құрады», - деді спикер.

 

Барлық жаңалықтар