- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл 4 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» аясында өз кәсібін ашты
Биыл 4 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» аясында өз кәсібін ашты
«Биыл Елбасының тапсырмасымен жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтарға «ЖҚЖК-2020» аясында шағын несиелер берілетін болады. Агроөндірістік кешен мен ауыл шаруашылығы кооперациясы есебінен жүзеге асады», - деді министр.
Т. Дүйсенова биыл шағын несиелендіру үш сұлба бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады: бағдарлама қатысушысы өз капиталымен немесе бар тауарымен аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кіреді, «Ауылда жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясымен біріккен жоба.
Жоба бес облыста пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірісті құру. Сондай-ақ, шағын несие сомасы 6 млн теңгеге дейін арттырылған.кәсіпкерлік картасына сәйкес, шағын несие 3 млн теңгеге дейінгі көлемде беріледі.
Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.
«Осы мақсаттарға биыл 30,8 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен биыл 9,1 мың адам шағын несие алып, ауылдық жерлерде шамамен 12 мың жұмыс орнын ашады», - деп ақпараттандырды министрлік басшысы.
ҚР ДСӘДМ мәліметтеріне сәйкес, бүгінде 6,4 мыңнан астам адамға шағын несие берілген, оның ішінде шамамен 4 мың адам алғаш рет өз ісін ашқан. Несие алғандардың барлығының ішінен 5 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қалғандары – жұмыссыздар.
«Шағын несие алған азаматтардың ішінен 89%-ы несиені ауыл шаруашылығы саласына, 6% - қызмет көрсету саласына, 3% - өнімді қайта өңдеуге, 2 % - басқа да салаларға пайдаланған», - деді Т. Дүйсенова.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі