• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ-де ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландырудың несиелік әдістері бекітілді

АШМ-де ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландырудың несиелік әдістері бекітілді

18 Қазан, 2016 11:34
АШМ-де ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландырудың несиелік әдістері бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

«Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары», - деді Қ.Айтуғанов.

Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», - деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.

Бұдан әрі бірінші вице-министр елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жағдаймен таныстырып өтті.

Бұл орайда, Қ.Айтуғанов «Қазсушар» мекемесіне топтық су құбырларына жалғанған қалған елді мекендерге қысқа мерзімге қызмет көрсетуі мүмкіндігін беруді ұсынды.

«Қарағанды облысының Нұра ауданының үлгісінде сүт қабылдау пункті қондырғысын орнату арқылы кооперативті ұйымдастыру пилоттық жобада көрсетілген болатын. Кооперативтегі адам саны  20-дан кем болмауы керек.  Сауылатын сиыр саны  150 бас болса,  100 км сүт өңдеу кәсіпорны болған дұрыс. Ол аталмыш сүт көлемін ақтауы керек», - деді Қ.Айтуғанов.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар