• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кім қызмет көрсететінін анықтау қажет – ҚР Премьер-Министрі

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кім қызмет көрсететінін анықтау қажет – ҚР Премьер-Министрі

18 Қазан, 2016 11:31
Қазақстандағы сумен жабдықтау бағдарламасын талдау және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кім қызмет көрсететінін шешу қажет, деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Үкімет отырысының барысында.

«Қалыптасқан әлемдік экономикаға байланысты, біз сумен жабдықтау бағдарламасын қаржыландыру көздерін қысқартуға мәжбүр болдық. Ауыз суды қаржыландыру көлемдері аздап қысқарды. Соңғы 3-4 жыл ішінде ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мәселе - 51%-ға дейін, қалаларда 87%-ға дейін жеткізілген. Бұл жақсы көрсеткіш, алайда, біз одан әрі жұмыс жасауымыз қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

«Бұл күрделі мәселе және оны қарау қажет: бір жағдайда «ҚазСуШар» қызмет көрсетсе, екіншісінде - жеке меншік компаниялар, ал үшіншісінде коммуналдық кәсіпорындар жұмыс істейді. Іс жүзінде су құбырын салған кезде, пайдаланудың болмауына байланысты, белгілі бір уақыт өткен соң ол істен шығады. Оны қайтадан қалпына келтіріп жөндейтін ешкім жоқ, сол себепті халық наразылық білдіреді және ол әділ», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол Тараздағы су тарту мәселелеріне алаңдаушылық білдірді.

Бақытжан Сағынтаев министрлерді мәселені жете қарап, есепке алу тәртібін ретке келтіруге шақырды. 

Барлық жаңалықтар